Қатысушылар мен БАҚ қызметкерлері үшін тіркелу:

Ажибек Абылайхан

Телефондар: +7(7172)75 77 29, +7(707)555 84 39

E-mail: a.azhibek@kmo.kz

AMW туралы


Құрметті достар!

Сіздерді 2019 жылғы 11-13 қыркүйекте өткізілетін Astana Media Week қазақстандық медиааптасына қатысуға шақырамыз!

«Astana Media Week» қазақстандық медиааптасы - бұл жыл сайын өткізілетін кең көлемдегі салалық іс-шаралар сериясы, Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға.

Astana Media Week 2019 негізгі мақсаты - отандық медиа сфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету.

Аталған іс-шара өңірлік коммуникациялардың, медиа саласындағы серіктестік қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына елеулі үлес қосатынына сенемін.

Сіздерді Astana Media Week-те күтеміз!

Құрметпен,
Абаев Дәурен Әскербекұлы,
Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі

1 күн

ҰРПАҚТАРДЫҢ КОНТЕНТІ

11 қыркүйек 2019 жыл


«Astana Media Week» бірінші күні медиа-контентке тапсырыс берушілердің, ірі телевизиялық және радио-компаниялар, сонымен қатар өндірістің жеке нарығы өкілдері: продакшн-студиялардың, творчестволық ұжымдардың, продюсерлік орталықтардың, ақпарат, медиа-сауық, музыка және кино салаларындағы авторлық жобалардың арасында пәрменді диалогтық алаң құруға арналатын болады.

Қазақстан медиасының бірінші басшыларымен тет-а-тет кездесу мүмкіндіктерінен және олармен медиа-өндірістің перспективаларын талқылаудан басқа, осы күн шеңберінде құрылған диалогтық және келіссөздер алаңы бизнес-байланыстар, түрлі форматтағы тиімді қатынас, бірқатар мастер-кластар аясында жаңа дағдылар табу және панельді пікірталастарға медиа нарықтың заманауи дамуының ең өзекті мәселелері бойынша қатысу үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

2 күн

Азия жарнамалық дауысы

12 қыркүйек 2019 жыл


Медиа аптаның екінші күні жарнама саласындағы ең үлкен оқиға - ADTribune конференциясына арналады. Орталық Азия жарнама қауымдастығының сарапшылары Қазақстан Республикасының жарнама және медиа нарығы туралы соңғы жылдардағы аналитикалық мәліметтерді ұсынады және оның даму перспективаларын талқылайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік желі өкілдері мен жарнама саласының көшбасшылары арасындағы бірлескен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Нарықтың ағымдағы мәселелеріне арналған панельдік талқылаулардан басқа, жергілікті бизнесті ілгерілету үшін жарнама берушілер үшін тәжірибелі мамандардан семинарлар өтеді.

3 күн

Youtube day

13 қыркүйек 2019 жыл


Astana Media week үшінші күні танымал бейнехостингтерде контентті құру мен ілгерілетуге арналған. Панельдік сессиялар, конференциялар мен мастер-кластар аясында отандық және шетелдік сарапшылар,

журналистер, медиа-менеджерлер, блогерлер өнер көрсетеді. Іс-шара шеңберінде арналарды тиімді дамыту және жылжыту, аудиториямен жұмыс істеу құралдары зерттелетін болады.

- - - - - -

Тіркеу формасы

Іс-шараға қатысу үшін мәліметтерді толтырыңыз


Ұйымдастырушылар


Astana Media Week 2019 ұйымдастырушысы «Қазмедиа орталығы» басқару компаниясы» ЖШС және Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып табылады.

«Қазмедиа орталығы» — бұл Орталық Азияда теңдесі жоқ, технологиялық медиа-кластер және салалық бизнес-орталық мүмкіндіктерін біріктірген халықаралық медиа-хаб. Оның миссиясы тиімді жаһандық коммуникациялардың дамуына қолдау көрсету.

Қатысушылар


"Хабар" Агенттігі (Қазақстан)
"Қазақстан" РТРК (Қазақстан)
Қазконтент (Қазақстан)
"ТНТ" телеарнасы (Ресей)
Global Agency (Түркия)
Apollo Music (Швеция)
CLS-Comprehensive Licensing Solutions (Ресей)

Megogo " онлайн кинотеатры"
BasDala Group (Қазақстан)
Satti Media partner's (Қазақстан)
Таудай Талап Production (Қазақстан)
Q Film Coopers (Қазақстан)
B. A. S.Pro. KZ (Қазақстан)
Telemasters.kz (Қазақстан)

"Точка" креативті шешімдер агенттігі (Қазақстан)
360 Продакшн (Қазақстан)
Media Promotion-Z (Қазақстан)
Moviе distribution (Қазақстан)

Біздің серіктестеріміз


Жол схемасы